Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі-ҰБТ) еліміздің 165 ҰБТ өткізу пункттерінде ағымдағы жылдың 20-27 маусымы аралығында жаңа форматта өткізілді. ҰБТ-ға қатысуға 10(11) сыныптардың 92 827 түлегі өтініш беріп, олардың 67 627 (76,3%) қазақ тілінде және 20 968 (23,6%) орыс тілінде тапсыруға өтініш берген. Жергілікті атқару органдарының мәліметінше 35 000 аса түлектер ҰБТ өткізу пункттеріне (бұдан әрі- ҰБТӨП) жеткізіліп, тамақпен қамтамасыз етілген және олардың 11 000 жатар жаймен қамтамасыз етілген. Факт бойынша 88 583 адам тестілеуге қатысып, өтініш берушілердің 95,4% құрады.
16 сен 2020
Новости