2017 жылы өңірде 11 балабақша мен 14 мектеп құрылысы басталды. Олардың көп бөлігін осы жылы пайдалануға береді, деп хабарлайды Атырау облысының аймақтық коммуникациялар қызметі.
Атырау облысы құрылыс басқарма басшысының орынбасары Мерей Жантуреевтің хабарлауынша, қазіргі уақытта 11 балабақша мен 14 мектептің құрылысы жүріп жатыр, 10 балабақша мен 10 мектеп 2017 жылы пайдалануға беріледі. Балабақшалар құрылысына 6 млрд 579 млн теңге бөлінсе, ал мектеп құрылысына 8 миллиард 82 миллион теңге кетті. Балабақша мен мектеп құрылысы жергілікті бюджет есебінен және жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік аударымдар есебінен салынып жатыр.